Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Акушер болу — қиын да маңызды миссия

Алматы облысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының Шеңгелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясының акушері Клара Заглетқызы Есенованың білімі мен тәжірибесі жүздеген сәбидің аман-есен дүниеге келуіне себеп болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

40 жылдан астам уақыт ауылда еңбек етіп келе жатқан ол жедел медициналық көмекке мұқтаж көптеген әйелдердің өміріне араша түскен.

Клара Заглетқызы алғашқы кезектегі қиындықтарды ұмыту мүмкін емес екенін айтады. Бір оқиға күні бүгінге дейін жадысында: бірнеше жыл бұрын жайлаудан қансыраған жүкті әйел — шопанның жұбайын алып келген.

«Жайлауда мерзімінен бұрын босануға және жүктіліктің үзілу қаупіне көбіне физикалық жүктеменің көптігі себеп. Әйел ауыр көтерсе, уақытылы демалмаса, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сол күні әйелді шұғыл ауруханаға жеткіздік. Дәрігерлер екі адамның өмірін аман алып қалды. Сол сәтте дәлізде отырып, ана мен баланың тағдырын уайымдаған кездерім әлі есімде. Ең әсерлі сәт — сәби дүниеге келген кезде анасының барлық қорқыныш артта қалып, баласы жанында екенін түсінген сәт», — деп еске алады маман.

Клара Заглетқызы акушерлік қызметін сүйетінін айтып, жеке уақытпен ешқашан санаспайтынын жеткізеді. Қар мен жаңбыр, боран демей, жүкті әйелдерге әрдайым көмекке келген.

Бүгінде Шеңгелді ауылында 50 келіншек сәбиін күтіп жүр. Клара Заглетқызы олардың әрқайсысын жақсы таниды және кез келген сәтте қол ұшын созуға дайын. Жуырда ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалды. Клара Заглетқызы ұжымымен бірге бұл жаңалыққа қуанып, ауыл тұрғындарының амандығын тілейді.

Өз ісіне адал жанға — ана мен бала саулығы жолындағы еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz