Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік тіл – бірлік пен болашақтың тірегі: Қонаевта республикалық семинар өтті

2025 жылғы 24–25 сәуір күндері Алматы облысының Қонаев қаласында «Мемлекеттік тіл саясаты: озық тәжірибе мен инновациялар» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған іс-шара Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында өңіраралық ынтымақтастықты күшейту және үздік тәжірибелермен алмасу. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдар, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, Парламент депутаттары, ғалымдар, лингвистер, қоғамдық бірлестіктер мен тіл жанашырлары қатысты.

Ресми ашылу рәсімі көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Бұл – ел дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаға деген тағзым белгісі.

Семинар аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы және «Nietfix enterprises» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл келісім – қоғамның әр саласында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған нақты қадам.

Семинар қатысушыларын Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Данияр Ахметов құттықтап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне мемлекеттік тіл саясатына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы мен даму келешегі туралы Тіл саясаты комитеті басқармасының басшысы Қайыржан Рахымжанов пен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы вице-президенті Дулат Тастекей баяндама жасады. Олар заңнамалық және қоғамдық деңгейде тілдің қолдау тетіктеріне тоқталды.

Семинар аясында «Til Alatau» платформасы, «Чемпион» мультсериалы және «Қазақша сөйлесейік» жобасы сияқты бірқатар цифрлық бастамалар таныстырылды. Панельдік пікірталаста тың ұсыныстар мен сұрақтар талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Семинардың ресми бөлімінде мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар мамандар ведомстволық марапаттармен және «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталды.

Секциялық отырыста 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы қарастырылды. Данияр Ахметов өңірдегі жетістіктер мен өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, «Тіл-Қазына» орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай қазақ тілін цифрландыруға бағытталған IT-өнімдерді таныстырды.

Сондай-ақ, Халық банкінің Алматы облыстық филиалының вице-президенті Гүлмира Ахметова банк саласындағы тілдік қызмет көрсету тәжірибесін бейнеролик арқылы ұсынды. Ал Алматы облыстық полиция департаментінің подполковнигі Абдунұр Тасыбаев тілдік кемсітушілікке жол бермеу шаралары туралы баяндама жасады.

Іс-шараның практикалық бөлімінде прокуратура өкілдері ЕРАП және ЕРСОП жүйелерімен жұмыс істеу тәртібін көрсетті. Сонымен бірге, тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылау және әкімшілік шараларды қолдану тетіктері түсіндірілді.

Бұл семинар – тілге жанашыр мамандар мен қоғам өкілдерін біріктіріп, ортақ мақсат жолында тәжірибе мен идеялар тоғысқан маңызды алаңға айналды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған мұндай іс-шаралар елдің бірлігі мен болашағына қызмет ететін берік негіз болып қала бермек.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz