Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қаскелеңде көпқабатты үйдің құрылыс кезінде аса ірі алаяқтық жасалған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелең қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.04.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: видеодан жасалған скрин

Фото: видеодан жасалған скрин

Тергеу барысында «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021–2023 жылдар аралығында құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарынсыз, лицензиясыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз жұмыс істегені анықталды.

Соған қарамастан, аталған компания НOME, НOME Южный, НOME SAU және НOME МAK тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалап, Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі болмағанына қарамастан 100-ден астам азаматтан жалпы сомасы 972 миллион теңге жинаған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, құрылыс талаптарға сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына шағымдануына себеп болды.

Соттың санкциясымен күдіктілердің 240 миллион теңгеден асатын мүлкіне — 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үйге — тыйым салынды.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, іс материалдары сотқа жолданды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz