Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда бензин қоры жеткілікті, бағаны көтеруге негіз жоқ — министр

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда бензиннің жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.04.2025
Жаңалықтар
Фото: Unsplash

Фото: Unsplash

Министрдің айтуынша, ақпан айынан бастап бензин мен дизель отынының бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Енді баға сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтық жолмен белгіленеді.

«Елімізде бензин жеткілікті мөлшерде бар. Шамамен 42 күнге жететін қор қалыптасқан. Сондықтан оның бағасын көтеруге ешқандай негіз жоқ. Ал дизель отынының қоры 28 күнге жетеді. Дизель тапшылығы болады деп алаңдауға себеп жоқ. Біз ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінімдерін толық орындап жатырмыз. Егіс науқанына байланысты да ешқандай қиындық туындамайды. Жалпы, жанармай нарығы артығымен теңгерімді жағдайда тұр», — деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін мемлекеттік органдармен тұрақты түрде үйлесімді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Тегтер: бағабензин

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz