Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта өнеркәсіп орындары қарқынды дамуда

Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі 2025 жылдың алғашқы үш айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаланың өндірістік әлеуеті айтарлықтай артып келеді: қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп орындары 19,8 млрд теңгеге өнім өндірді, ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6,6 млрд теңгені құрады.

? Кәсіпкерлік пен сауда

  • Қала және ауылдық округтерде 7340 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл кәсіпорындарда 16 930 адам жұмыспен қамтылған.

  • Есепті кезеңде 64,7 млрд теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілген.

  • Бөлшек сауда айналымы — 8,9 млрд теңге, нақты көлем индексі — 125,7%.

? Жұмыспен қамту

  • 854 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, олардың 351-і жұмысқа орналастырылған. Бұл 45,3%көрсеткіш.

  • Есепті кезең соңында 992 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген.

? Ауыл шаруашылығы

  • Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі — 3,3 млрд теңге, нақты көлем индексі — 100,6%.

  • Мал шаруашылығында оң динамика байқалады: ірі қара – +7,0%, жылқы – +2,2%, ет – +0,3%, сүт – +4,4%, жұмыртқа – 100%.

  • Егістік көлемі — 8150,6 га, оның ішінде:

    • Дәнді дақылдар — 3073 га

    • Майлы дақылдар — 533 га

    • Көкөністер — 529,2 га

    • Жем-шөп — 3626,2 га

    • Картоп пен бақша дақылдары — 389,2 га

? Денсаулық сақтау

  • 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында туу көрсеткіші 3,6%-ға артқан.

  • Табиғи өсім — 156 адам.

  • Ана өлімі тіркелмеген.

? Құрылыс

  • 6 587 м² тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 107%.

  • Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі — 2,9 млрд теңге.

? Құқық қорғау

  • Тіркелген қылмыс саны — 161.

  • Қылмысты ашу көрсеткіші — 90,9% (2024 жылы — 83,9%).

Бұл нәтижелер Қонаев қаласының жүйелі дамуы мен болашағының жарқын екенін көрсетеді. Әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық бағыттар бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz