Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық христиан қауымын Пасха мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2025
Жаңалықтар

Құттықтау мәтіні 20 сәуір, жексенбі күні Ақорда баспасөз қызметінің сайтында жарияланды.

«Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор», — деді ол.

Оның айтуынша, христиан діні де басқа діндер сияқты еліміздің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Пасха дәстүрлері ежелден отбасы құндылықтарын сақтауға, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға үлес қосып келеді, адамдарды жақсылық пен өзара келісімге шақырады.

«Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!»,- деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz