Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кеңесі өтті

Қонаев қаласындағы Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясына дайындық аясында облыстық ҚХА Кеңесінің маңызды отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл жиын – Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған елеулі шаралардың бірі ретінде тарих бетіне жазылды.

Отырысты ашқан облыс әкімі, ҚХА облыстық филиалының төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысушыларды мерейтоймен құттықтап, бейбітшілік пен татулықтың маңызын атап өтті: «Тұрақтылық пен этносаралық келісім – ел дамуының негізі», – деді ол.

Кеңесте бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қоғамдық орынбасарлыққа Гамзе Гейдаров пен Амангелді Беспаев бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, жаңа мүшелер Ассамблея қатарына қабылданып, белсенді азаматтар арнайы медальдармен және куәліктермен марапатталды.

ҚХА мүшесі Асылы Осман өз сөзінде: «Ассамблея – достық пен өзара құрметтің символы» деп атап өтіп, оның ел болашағындағы маңызын ерекше атады.

Жиын соңында Марат Сұлтанғазиев Ассамблеяның алдағы міндеттерін атап өтіп, этносаралық диалог пен отансүйгіштік тәрбиенің өзектілігіне тоқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бұл тек мереке емес, елдің ынтымақ жолындағы жетістіктеріне баға беріп, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды кезең.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Важная информация: маслихат Алматинской области сообщает о публичных слушаниях по вопросу приватизации

Николай Иващенко
05.03.2026

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz