Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы білім беру саласында серпінді даму жолында

Алматы облысында білім беру саласы жүйелі дамып, жаңаша серпін алуда. 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде студенттер мен оқушылардың білім сапасы мен кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Солардың бірі – 2-4 сәуір аралығында өткен алғашқы халықаралық кәсіптік шеберлік фестивалі – TAIQAZAN-2025. Бұл беделді байқауға колледж студенттері қатысып, олардың жұмыстарын Сауд Арабиясы, Түркия, Италия және Ресейден келген 25 халықаралық сарапшы бағалады.

Нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Тігін өндірісі және киім үлгілеу»аталымында Алматы облысының командасы бірінші орынды иеленді. Бұл – өңір студенттерінің кәсіби біліктілігі мен даярлығының жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, 2025–2026 жаңа оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау науқаны белсенді жүріп жатыр. 1 сәуірден бастап электронды платформалар (eGov.kz және iac.kz) арқылы және дәстүрлі форматта өтініштер қабылдануда. Қазіргі уақытта 2 451 өтініш тіркелген. Жалпы 35 500 оқушыны қабылдау жоспарланған, оның ішінде 78,9%-ы – қазақ тілінде білім алуға ниет білдірген.

Аймақта халықаралық зерттеулер де қарқынды жүргізілуде. PISA-2025 аясында облыстың 25 мектебі мен 2 колледжі қамтылып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен білім сапасына баға берілуде. Сонымен бірге, PIRLS-2026 зерттеуінің апробациясы өткізіліп, 7 мектептің оқушыларының оқу және әдеби сауаттылығы бағалануда.

Білім берудің маңызды бағыттарының бірі – мектепке дейінгі тәрбие. Бұл салада 1000 жаңа орын ашужоспарланған. 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік тапсырыс бөлу байқауы өтті. Бұл шара балабақшалардағы орындардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Алматы облысының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетуде. Биыл табиғи ғылымдар пәндері бойынша республикалық олимпиадада облыс оқушылары 7 медаль жеңіп алды. Ал «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Халел Мүслім «Жібек жолы» халықаралық математика олимпиадасында 3-орын иеленді.

Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева:

«Біз балаларымызға сапалы білім берумен қатар, олардың кәсіби бағытын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөліп келеміз. Жұмысшы мамандықтар жылы жастар үшін тың мүмкіндіктер ашты. Халықаралық байқаулардағы жетістіктер – өңіріміздің әлеуетін көрсетеді. Ал PISA-2025 сынды зерттеулер бізге білім сапасын арттыру үшін қандай нақты қадамдар қажет екенін анықтауға көмектеседі», – деді.

Бұл бастамалар Алматы облысының білім беру жүйесінің жаңаруы мен заманауи талаптарға бейімделуін айқын көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz