Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мемлекеттік тілді үйренуге арналған «TilOquBot» іске қосылды

Алматы облысында мемлекеттік тілді үйренуді жеңілдететін жаңа цифрлық жоба – "TilOquBot" Telegram-боты іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданыс тапты.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, бот құрамында қазақ тілін меңгерудің A1–B2 деңгейлерін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары қарастырылған. Қазіргі таңда жүйеге 3 146 адам тіркелген, олардың 58%-ы шалғай ауыл тұрғындары.

«Басты мақсатымыз – қазақ тілін үйренуді барлық азаматқа, орналасқан жеріне қарамастан, қолжетімді ету. «TilOquBot» шалғайда тұратын тұрғындарға да ыңғайлы әрі тиімді форматта білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл – цифрлық трансформация жағдайында ерекше маңызды құрал», – деді басқарма басшысы Данияр Ахметов.

Оның айтуынша, бұл бот – мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жолындағы кешенді жұмыстың бір бөлігі. Сонымен қатар облыста Тілдер фестиваліне дайындық басталып кетті.

Ауқымды шара аясында түрлі байқаулар, үздік оқытушылар мен белсенділерді марапаттау, мемлекеттік тілді насихаттайтын креативті жобаларды қолдау жоспарланып отыр.

«Бүгінде тіл – тек дәстүрдің емес, заманауи технологиялар мен жастардың қызығушылық әлемінің де көрінісі. «TilOquBot» – осы заман талабына сай жасалған жоба», – деп түйіндеді Ахметов.

Басқарманың хабарлауынша, қыркүйек айында Ұйғыр ауданында фестивальдің қорытындысы өтіп, алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталады. Оларға 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар табысталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz