Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады: 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталған

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балалардың ортасы мен бос уақытын қадағалауға шақырып, үндеу жасады. Ведомствоның мәліметінше, биыл алғашқы үш айда елімізде тыйым салынған заттарды сақтау және тарату күдігімен 23 жасөспірім ұсталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2025
Жаңалықтар

Олардың қатарында колледждердің бірінші курс студенттері мен 9–11 сынып оқушылары бар.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтау және тарату үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделсе, 299-1-бап бойынша интернет пен әлеуметтік желілер арқылы насихаттағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған.

«Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың кіммен араласатынына және бос уақытын қалай өткізетініне көңіл бөліңіздер. Балалардың болашағы – біздің қолымызда. Бірлесіп әрекет етсек қана есірткісіз қауіпсіз қоғам құра аламыз», – деді Қуандық Әлжанов.

Фото: Polisia.kz

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz