Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шеңгелді ауылында жаңғыртылған амбулатория қолданысқа берілді

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулатория тұрғындарға есігін айқара ашты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, жұртшылықты қуанышты күнмен құттықтады.

Заманауи талаптарға сай жаңартылған амбулатория бір ауысымда 100 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Мұнда жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Ал гинекологтар Қонаев қаласынан арнайы кесте бойынша келіп, қызмет көрсетеді.

Мекеме УДЗ, рентген, зертхана секілді заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жедел жағдайларда науқастар дереу қалаға жеткізіледі. Енді Шеңгелді ауылдық округіне қарасты 6 елдімекеннің 7 мыңға жуық тұрғыны сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады.

Бұл – Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Алдағы уақытта ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасын табады.

Ашылу шарасы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп, ауылда киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды. Ауыл тұрғындары бір-біріне ақ тілектерін арнап, қуанышты күнді бірге атап өтті.

«Бұрын осы жерде өзім де еңбек еткенмін. 1970 жылы іргесі қаланған нысан бүгін мүлде жаңарып, ел игілігіне қайта беріліп отыр. Өте қуаныштымын. Ауылымыз гүлденіп, жақсылықтар көбейе берсін!», – деді тұрғын Қарлығаш Қосбаева.

Шара аясында Қонаев қаласының өнерпаздары ауыл тұрғындарына арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz