Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Есірткіге қарсы күреске көмектескендерге сыйақы беріледі

Қазақстанда есірткі сақтау және тарату фактілері туралы ақпарат берген азаматтар ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2025
Жаңалықтар

Бұл бастамаға қаржылай қолдауды мемлекеттік бюджет емес, осы күресте үлес қосуды мақсат еткен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер көрсетіп отыр. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар айында 60 грамм мефедронның тәркіленуіне себеп болған ақпарат үшін 300 мың теңге төленген. Ал наурызда 80 грамнан астам синтетикалық есірткі заттарын анықтауға көмектескен мәлімет иесіне 400 мың теңгеден астам сыйақы берілді.

«Сыйақының мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты есептеледі. Жоба алғашқы нақты нәтижелерін көрсетіп отыр. Осылайша мемлекет азаматтардың қылмыспен күрес жолындағы белсенділігі мен ынтымақтастығын қолдайды.

Есірткінің таралуын тоқтатуға өз үлесін қосқан әрбір адам бұл әрекетті ақша үшін емес, өмір үшін, болашақ ұрпақ үшін жасайды.
Балаларымыздың амандығы үшін біріге әрекет етсек, қылмысқа жол қалмайды. Жақсылықты таңдап, қоғам қауіпсіздігіне үлес қосқан әр азаматқа алғысымыз шексіз. Сіздердің қырағылығыңыз – біздің ортақ күшіміз. Барлық аймақтарды осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Мемлекет, кәсіпкерлер мен қарапайым халық бірігіп, есірткіге қарсы тұра аламыз», – делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Фото: gov.kz

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz