Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында колледж студенттері антифриз өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы облысында колледж студенттеріне арналған ерекше танымдық шара ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясының жастар қанаты – «Жастар Рухының» бастамасымен өткен бұл іс-шарада 30-дан астам студент Қонаев қаласындағы «Бағашар Мекен» зауытына экскурсия жасады, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Болашақ мамандар өндірістік цехтар мен зертханалардың жұмыс барысымен танысып, сапаны бақылау жүйесі, технологиялық үдерістер туралы толық мәлімет алды. Шара студенттердің нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына бағытталған.

Сапар аясында колледждер, кәсіпорын және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және үздік түлектердің болашақта осы зауытта жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

«Біздің мақсатымыз – жастардың теориялық біліммен қатар нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына жағдай жасау. Жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі», – деді «Жастар Рухы» ұйымының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.

«Бағашар Мекен» ЖШС – Қазақстанда антифризді өнеркәсіптік деңгейде өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыт жылына 25 мың тонна өнім шығара алады. Өнім тек ішкі нарықпен шектелмей, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға да экспортталады. Мұнда 200-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі – жергілікті тұрғындар.

Жыл басынан бері «Жастар Рухының» бастамасымен облыс аумағындағы алты өндірістік нысанға экскурсияұйымдастырылып, 100-ден астам студент қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 20 колледжбен меморандумға қол қойылып, 500-ден астам студентке өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады деп жоспарлануда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz