Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу университетінде арнайы білім беру саласын дамытуға бағытталған жаңа орталық ашылды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Педагогика және психология факультетінде ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдауға арналған «Арнайы білім беру мәселелерін зерттеу» орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған орталық – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Зульфия Мовкебаеваның жетекшілігімен жүзеге асып жатқан «Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейіналды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» атты ғылыми жобаның аясында құрылған.

Салтанатты шара барысында Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, орталықтың инклюзивті білім берудегі маңызын атап өтті:

«Бұл орталық – университет қабырғасындағы әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам. Мұнда арнайы білім беру саласындағы қолданбалы және теориялық зерттеулер жүргізіліп, әдістемелік құралдар әзірленетін болады», – деді ректор.

Жаңа орталық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда көру, есту, тірек-қимыл және басқа да дамуында шектеуі бар балаларға арналған арнайы оқу материалдары қарастырылған. Сонымен қатар, арнайы педагогика мен психология саласында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Аудиторияның ашылуына орай «Қазақстан Республикасында арнайы білім беру: тәжірибе және даму тенденциялары» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Жиынға жетекші ғалымдар мен тәжірибелі мамандар қатысып, өзекті мәселелерді талқылап, саладағы жетістіктер мен даму бағыттарын саралады.

Баяндамашылар қатарында:

  • профессор Зульфия Мовкебаева,

  • аға оқытушы Мөлдір Увалиева,

  • облыстық №3 арнайы мектеп-интернатының директоры Баян Сарсенбаева,

  • есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат қызметкері Күләй Мухаметрахимова,

  • Жетісу университетінің ғалымдары Гүлжан Жолтаева мен Баян Альмухамбетова болды.

Жиын соңында арнайы білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz