Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік топтарға арналған жаңа үйлер ел игілігіне берілді

Балқаш ауданының Бақанас ауылында әлеуметтік осал топтарға жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Маңызды әлеуметтік маңызы бар бұл жоба көптеген отбасының баспана мәселесін шешіп, өз шаңырағына қол жеткізуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған жоба аясында «BC Lengthy Life» ЖШС арқылы 4 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй салынды. Жалпы саны – 24 кең әрі жайлы пәтер. Мемлекеттік бағдарлама негізінде бой көтерген бұл баспаналар 638,4 миллион теңгеге сатып алынып, жаңа иелерін қуана қарсы алуға дайын.

Салтанатты шараға аудан басшылығы, құрылыс компаниясының өкілдері және жаңа қоныс иелері қатысты. Кілт табыстау рәсімі жылы лебіздер мен игі тілектерге ұласып, қатысушылардың көңілін шаттыққа бөледі. Жергілікті билік өкілдері алдағы уақытта да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Жаңа тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіріп, баспаналы болу – олардың өміріндегі маңызды әрі қуанышты оқиға екенін жеткізді.

Бұл – өңірдегі әлеуметтік осал топтарға көрсетілген нақты қамқорлықтың жарқын көрінісі. Алдағы уақытта да осындай жобалар жүзеге асып, тағы да көптеген отбасы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылары сөзсіз.

Іле ауданында да қуаныш: жаңа баспана кілттері табысталды

Жаңа үйдің кілтін алу – әр адам үшін үлкен қуаныш. Ал әлеуметтік осал топтарға баспана беру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.

Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 10 пәтер әлеуметтік топтарға табысталды. Бұл – баспанамен қамту жолындағы алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі.

Айта кету керек, бүгінде Іле ауданында 5443 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 1878-і – көпбалалы отбасылар, 1993-і – әлеуметтік осал топ өкілдері, 807-сі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 765-і – бюджеттік сала қызметкерлері. Сондықтан ауданда тұрғын үймен қамту мәселесі ерекше назарда ұсталып отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz