Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында өртенген көліктен мәйіт табылды: күдікті ұсталды

31 наурыз күні Алматы облысының Қарасай ауданында адам шошырлық оқиға орын алды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, демалыс орындарының бірінің маңында толық өртеніп кеткен көліктің ішінен адам сүйегі табылған, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Дерек бойынша Алматы облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, ауыр қылмыс жасады деген күдіктінің ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, объективті түрде тексеру үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы орган өзге ақпаратты жарияламады. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушыларының жазбасына сенсек, марқұм мен күдікті бизнес серіктестері болған, арадағы жанжал соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Күдікті қылмыс ізін жасыру мақсатында мәйітті көлігімен бірге өртеп жіберген деген болжам бар.

Қазір бұл жантүршігерлік оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz