Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Білім – ұлт болашағының негізі: Алматы облысының әкімі

Білім – ел дамуының берік іргетасы. Ғылым мен білімге құштар жастар – болашақтың жарқын кепілі. Осындай жас өрендердің бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінің оқушысы Санжар Қуандық, биылғы наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 140 балл жинап, өзінің білімін дәлелдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Санжардың бұл жетістігі тек мектебінің емес, бүкіл Алматы облысының мақтанышына айналды. Осы қуанышты оқиғаға орай, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев дарынды оқушымен арнайы кездесіп, оны құттықтады.

Кездесу барысында өңір басшысы білім саласындағы жаңа бастамалар, мектеп инфрақұрылымын жаңарту, оқушыларға заманауи білім беру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше тоқталды.

«Бұл – сенің табандылығыңның, ата-ана мен ұстаздардың қолдауының жемісі. Бүгінде жастарға сапалы білім алуға барлық мүмкіндік бар. Соның игілігін көріп, биіктерге ұмтылуыңа тілектеспін», – деді әкім.

Санжар өз кезегінде болашақта ұстаз болуды армандайтынын айтып, алған білімін келешек ұрпақпен бөлісуді өмірлік миссиясы санайтынын жеткізді.

Кездесу соңында әкім Санжарға 500 мың теңге көлеміндегі сертификат, ал анасы мен ұстаздарына Алғыс хаттар табыстады. Бұл – білімді жастарды қолдаудың және олардың еңбегін лайықты бағалаудың жарқын көрінісі.

Санжар Қуандықтың жетістігі – мыңдаған талапты жасқа шабыт сыйлайды. Осындай білімге құштар ұрпақ көбейген сайын, еліміздің де келешегі кемел болары анық.

Тегтер: Алматы облысыәкім

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz