Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Qonaev Media» өңірлік телеарнасы ашылады

Бұл туралы баспасөз мәслихатында жаңа телеарнаның басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Еліміздің Алматы облысымен қатар, бүкіл республика аумағына тікелей эфир арқылы хабар тарататын бұл арнаның тізгінін елімізге танымал тележүргізушілер ұстамақ.

Телеарнаның директоры қызметін – Қымбат Хангельдина, ал бас продюсер міндетін – Қымбат Досжан атқарады. «Qonaev Media» деп аталатын телерадиокешен жаңалықтарға негізделіп, қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат хабар таратады.

«Мамыр айынан бастап арнамыз кезең-кезеңімен іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыс жоспары дайындалып жатыр. Штат саны – 80 адам. Негізгі шығармашылық топ жасақталды. Дегенмен телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын кәсіби мамандарды іріктеп, қатарымызға қосуға әзірміз», – деді «Qonaev Media» телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры Қымбат Хангельдина.

Облыстық арна болғандықтан, қаржыландыру Алматы облысының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Дегенмен, арна өз аудиториясын қалыптастырып, көрермен сенімін иелене алса, алдағы уақытта іскерлік жобаларды іске асырып, өзін-өзі қамтамасыз ететін медиа алаңға айналуы да жоспарда бар.Ақпараттық хабарлар күн сайын үш рет тікелей эфирде ұсынылады. Бұған қоса, апта сайын сараптамалық бағдарламалар мен түрлі бағыттағы жобалар көрерменге жол тартады.

«Өңірдің әлеуеті зор. Сол себепті мәдениет, спорт және туризм салаларын қамтитын циклдік жобалар әзірленіп жатыр», – деді бас продюсер Қымбат Досжан.

Арна іске қосылғанымен, қазіргі таңда арна ұжымы уақытша Алматы қаласындағы кеңседе жұмыс істеп жатыр. Болашақта облыс орталығы – Қонаев қаласында арнайы медиаорталық салынып, ұжым толықтай сонда көшіріледі.

Айта кетейік, алдағы уақытта телеарна құрамынан жергілікті радио ашылып, эфирде хабар таратуды бастау жоспарда бар.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz