Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығы және Алматы облысы әкімдігінің 18 ақпандағы №47 қаулысына сәйкес, елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асырылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биылғы көктемде Алматы облысынан 1 746 жас азамат Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімдерге аттанбақ. Қазіргі таңда олардың 192-сі ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілді.

Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне барып, науқанның ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан мен оның орынбасары Дулат Акишев әскерге шақырудың негізгі кезеңдері мен атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Мобилизациялық дайындықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мекемесіне барып, оның директоры Айдын Бекбосыновтың есебін тыңдады. Іссапар аясында ТОО «Гранит» компаниясының өкілдері өздерінің өндірістік әлеуеті мен әскери мақсаттағы өнімдері туралы таныстырылым өткізді.

Жас сарбаздардың жауынгерлік дайындығы мен әскерге бейімделуі – басты назарда. Облыс басшысы көктемгі әскерге шақыру науқанының маңыздылығын атап өтіп, жауапты мекемелердің үйлесімді әрі ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Әскерге шақыру – бұл тек формальды рәсім емес, ол еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін маңызды мемлекеттік процесс. Сондықтан барлық шаралар заң аясында, әділ және ашық түрде өтуі тиіс. Жас сарбаздар үшін қолайлы жағдай жасалып, медициналық тексеру мен даярлық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет», – деді өңір әкімі.

Айта кетейік, көктемгі шақырылым аясында болашақ сарбаздар арнайы медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге аттанар алдында тиісті дайындық курстарынан өтеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz