Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

1,6 млрд теңгені жымқырған: Сарқан аудандық білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

Алматы облысының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің бас бухгалтері К. Құрманғалиева 1,6 млрд теңге бюджет қаржысын ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Талдықорған қалалық сотының үкімімен Құрманғалиевамен қатар бухгалтерлер А. Мұратова мен А. Қалабаева, сондай-ақ «Қазпошта» аудандық бөлімшесінің бастығы А. Такен де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға сотталды.

Тергеу мәліметінше, олар білім бөлімі қызметкерлерінің есепшоттарына артық жалақы аудару арқылы 1,6 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Сонымен қатар, «Айдана» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н. Балғабаева мен Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаев пара беру мен пара алуға әрекеттенгені үшін айыпты деп танылып, тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Барлық сотталғандар өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz