Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тауларында жоғалып кеткен балықшылар табылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес балықшы табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

ТЖМ мәліметінше 22 наурыз күні кешке Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне 5 адамның жоғалып кеткен туралы ақпарат келіп түскен.

22 наурыз күні таңертең ерте бес адам Ұзын-Қарғалы өзенінің бойындағы Қарғалы ауылының тауларына балық аулауға барған. Таңертең кеткен олар кешке дейін оралмаған.

Тек бір адам өздігінен таудан түсіп, қалған төрт адам – бір ересек және үш жасөспірімнің қайда екендігі белгісіз болған.

«3 бірлік техника, 2 ұқышсыз ұшу аппараты, 2 кинологиялық есеп және 2 спутниктік телефон арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған 13 құтқарушы балықшыларды Ұзынқарғалы бөгетінен 15 км жоғары ашық аумақта тапты», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жоғалған адамдардың жағдайы тұрақты екені айтылады. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылардың көмегімен олар таудан түсіріліп, елдімекендеріне аман-есен жеткізілген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz