Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қандай жануарлар мекендейді?

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті 18 наурызда ерекше бейнежазба жариялады. Алматы қорығында орнатылған фототұзақтар соңғы бір жылда түркістан сілеусінін 32 рет тіркеген, деп хабарлайды alataunew.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Түркістан сілеусіні – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Бұл сирек аң Қазақстанның Қызыл кітабына (III санат) енгізілген және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне кірген.

? Тау шыңдарын мекендейтін жыртқыш

Мамандардың айтуынша, түркістан сілеусіні Алматы қорығының аумағында теңіз деңгейінен 1200-ден 3500 метрге дейінгі биіктікте кездеседі. Соңғы зерттеулер оның альпілік белдеуде де өмір сүретінін көрсетті. Бұл болжамды 3500 метр биіктікте орнатылған фототұзақтың жаз мезгілінде сілеусінді түсіріп алуы дәлелдеді.

? Сілеусін күшіктері табиғатқа бейімделуде

Ғылыми бақылаулар барысында мамандар фототұзаққа бір күшіктің түскенін анықтады. Кейінірек визуалды бақылау кезінде сілеусіннің екі марқаумен жүргені байқалды. Сарапшылардың айтуынша, күшіктер екі жасқа дейін анасымен бірге жүреді, содан кейін өз бетінше өмір сүруге бейімделеді.

? Сілеусіннің саны тұрақты ма?

Соңғы бір жыл ішінде Алматы қорығында орнатылған фототұзақтар сілеусінді 32 рет тіркеді. Бұл оның осы аумақта тұрақты мекендейтінін және табиғи ортада өмір сүруін жалғастырып жатқанын көрсетеді.

 

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz