Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында экс-депутат субсидияны заңсыз алғаны үшін ұсталды

Қаржы мониторинг агенттігі Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мәлімет бойынша, ол мемлекеттен 170 млн теңгені заңсыз иемденіп, оны Қонаев қаласындағы казиноға жұмсаған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті ауыл шаруашылығы басқармасына «Награда» таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар тапсырып, субсидия алу мақсатында 947 млн теңге сұраған. Нәтижесінде 474 млн теңге көлемінде қаражатқа қол жеткізген.

Заңсыз алынған қаржыны жылыстату үшін ол 21 жеке кәсіпкермен жалған келісімшарттар жасасып, көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындағандай көрсеткен. Алайда бұл қызметтердің ешқайсысы орындалмаған.

«Жалған келісімдер негізінде 431 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды. Ұрланған қаржыны заңды айналымға енгізу үшін күдікті жұбайының атына бағалы қағаздар рәсімдеп, қосымша 89 млн теңге заңсыз табыс тапқан. Сол қаражатқа Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер мен Toyota Highlander автокөлігін сатып алған. Сот аталған мүліктерге, 50 млн теңге қолма-қол ақшаға және 91 млн теңгенің бағалы қағаздарына тыйым салды», – деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Прокуратура Атырауской области предупреждает об уголовной ответственности за покупку осетровой рыбы и икры

Николай Иващенко
25.04.2026

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Николай Иващенко
25.04.2026

Найденные человеческие останки на стройке больницы напугали жителей ВКО

Николай Иващенко
25.04.2026

Олжас Бектенов поручил ускорить реализацию проектов Алматинского горного кластера и Almaty Superski

Николай Иващенко
25.04.2026

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz