Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қайтыс болды

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды. Қаралы хабарды инстаграм әлеуметтік желісінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев таратты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2025
Жаңалықтар

Бүгін әріптесіміз, ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр, — деп жазды министр.

Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.

Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып ол мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Марқұм биылғы 29 наурызда 60 жасқа толар еді.

Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды, – деп жазды Ғани Бейсембаев.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz