Құрылыс саласындағы басты міндеттер
2024 жылы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен өңірлердің алдында кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр. Жылдың алғашқы екі айында 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға төмен. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері бұл маусымдық өзгерістермен байланысты екенін атап өтті, ал алдағы уақытта көрсеткіштер қайта қалпына келеді.
? Алматы облысының инвестициялық әлеуеті
2024 жылы облыста негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 980 млрд теңгені (80% жеке, 20% бюджеттік) құраса, 2025 жылға арналған KPI 1,35 трлн теңге болып белгіленген. Биылғы екі айда өңірге 89 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 16% болды. Қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық портфелі 6,3 трлн теңгеге 200 жобаны қамтиды. Оның ішінде 2025 жылы 35 жоба іске қосылып, 4,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
? Түркістан облысында кластерлік даму
Түркістан облысы үш ірі кластер бойынша дамып келеді:
- Мақта-мата өндірісі – 5 жоба, 197 млрд теңге;
- Жүгері өндірісі – 2030 жылға дейін көлемді 30%-ға арттыру және крахмал-патока зауытын іске қосу;
- Ет өндірісі – 5 жоба, 43 млрд теңге.
2024-2027 жылдары облыста 2,5 трлн теңгеге 145 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, нәтижесінде 20,3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 2025 жылы тағы 57 жоба іске қосылып, 6,9 мың жұмыс орны құрылмақ.
? Штаб отырысының қорытындысы
Серік Жұманғарин инвестициялық жобаларды уақытылы қаржыландыруды тапсырды. Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингі арқылы ірі бизнес пен ШОБ-ты несиелендіруге 1 трлн теңге бөлінеді, ал негізгі басымдық қайта өңдеу секторына беріледі.
«Біз экономикалық өсім индикаторларын ұлғайту міндетін қойып отырмыз. Барлық қойылған индикаторлар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс», — деп атап өтті вице-премьер.





