Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Байғалық Ернат Елубайұлы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Байғалық Ернат Елубайұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «экономика және менеджмент» (2004 жыл), «құқық және экономика негіздері» (2006 жыл) мамандықтары бойынша білім алған. Сонымен қатар, Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы ретінде бастаған. Кейіннен Алмалы ауданының Салық басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, әр жылдары Алматы облысында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы, бас бақылаушы- тексерушісі, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, басшының орынбасары, тексеру комиссиясының мүшесі ретінде жұмыс істеді.

2023 жылдың қарашасынан бастап облыс әкімі аппаратында ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Енді жаңа қызметінде мемлекеттік басқару саласындағы жинақтаған тәжірибесін облыс әкімдігі аппаратының тиімділігін арттыруға бағыттайды деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz