Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі 97 жастағы қари әжемен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданында қасиетті Құранды толық жаттаған 97 жастағы хафиз, қари әже Жұмакүл Мұратқызымен жүздесті. Өңір басшысы ақ жаулықты ананың ұзақ ғұмырын, рухани жолдағы еңбегін жоғары бағалап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Сіз – асыл дініміздің қағидаларын ұстанып, өскелең ұрпаққа имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттаушы тұлғасыз. Сіздің өмір жолыңыз – ұрпаққа үлгі, ұлағатты өнеге», – деді әкім кездесуде.

Өз кезегінде Жұмакүл әже аймақ басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қаскелең қаласының тұрғыны, зейнеткер Сәлима Тлеубайқызы Бұлғақбаевамен кездесті. Өңір басшысы ардагер ананың өмірлік тәжірибесін ерекше атап өтіп, оның қазақ қоғамындағы маңызын айрықша бағалады.

«Сіз сияқты жандар – қазақ отбасының алтын қазығы, ұрпақтың тәрбиешісі. Еңбегіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз – біз үшін баға жетпес қазына», – деді аймақ басшысы.

Кездесу барысында қарт ана ел дамуына үлес қосқан азаматтарға көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz