Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2025
Жаңалықтар

«Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады. Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді», — делінген құттықтау мәтінінде.

Ол биыл Рамазан айының Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

«Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан-оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл болсын!», — деді ол.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 16 спортшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға үміткер атанды

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz