Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында UK Future Spaces халықаралық форумы өтті

20 ақпанда Алматы облысында қалалық кеңістіктердің болашағына арналған UK Future Spaces халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оған қазақстандық бизнес өкілдері мен инвесторлар, сондай-ақ Ұлыбританияның танымал архитекторлары қатысты.

Форумда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндады:
«Алматы облысы бай мәдени мұраларымен және табиғи ресурстарымен танымал. Географиялық орналасуы мен Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы өңірді инвестициялық тұрғыдан тартымды әрі туристік жағынан маңызды етеді. Қазіргі уақытта облыс аумағында британдық және бірлескен капиталдың қатысуымен 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Өңірдің сыртқы сауда айналымы 3,6 млрд АҚШ долларына жетті, ал экспорт көлемі 12,1%-ға өсіп, 819,4 млн долларды құрады.»

Алматы облысында 2,5 трлн теңге көлемінде 114-тен астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында девелоперлік жобалар, көлік инфрақұрылымы және тұрақты құрылыс салалары бар. Өңірде бір арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және сегіз индустриялық аймақ жұмыс істейді.

Инвесторларға келесі қолдау құралдары ұсынылады:

  • Салықтық жеңілдіктер және арнайы экономикалық аймақтар;
  • Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмдері;
  • Жобаларды қолдау және қаржыландыру бағдарламалары.

Әкім әлемдік трендтер құрылыс саласына жаңа көзқарас қажет ететінін атап өтті. 2050 жылға қарай әлем халқының 70%-дан астамы қалаларда өмір сүреді деп болжанып отыр. Сондықтан смарт-қалалар құру, инфрақұрылымды цифрландыру, жасыл архитектураны дамыту маңызды.

Форум аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич бастаған делегациямен және бірқатар ірі бизнес өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.

Олардың қатарында:

  • Стюарт Синиор – Infrastructure Exports: UK теңтөрағасы;
  • Патрик Шумахер – Zaha Hadid Architects компаниясының басшысы;
  • Джим Диггл – Gillespies компаниясының негізін қалаушы.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич форумға 25-тен астам британдық архитектордыңқатысқанын атап өтті. Олар Қазақстанда өз жобаларын іске асыруға қызығушылық танытып отыр.

  1. Стюарт Синиормен кездесу – 40 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Кездесу барысында екі елдің бірлескен жобалық кеңсесін құру және урбанистикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
  2. Патрик Шумахермен кездесу – әлемге танымал Zaha Hadid Architects студиясының басшысы. Кездесу барысында жекеменшік капиталды тарту арқылы инновациялық жобаларды жүзеге асырумүмкіндіктері талқыланды.
  3. Джим Дигглмен кездесу – Gillespies компаниясының жетекшісі. Кездесу барысында көлденең көгалдандыру және ғимараттарға қойылатын талаптарды жобалау кезеңінде анықтау мәселелері талқыланды.

Форумда Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов Arup компаниясының инфрақұрылым жөніндегі жаһандық директоры Лорна Болл және Arup Türkiye өкілі Эмре Шимшекпен кездесті. Олар Ұлыбритания, Дания, Испания, Грузия және Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар мамандар. Кездесуде инновациялық архитектуралық шешімдер мен урбанистикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

UK Future Spaces форумы қалалық жоспарлау мен архитектура саласындағы озық шешімдерді талқылауға арналған маңызды алаң болды. Форум Қазақстан қалаларының тұрақты дамуына, халықаралық инвестициялар тартуға және жаңа урбанистикалық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz