«Заң бойынша инфляция деңгейіне сай зейнетақыны, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын және т.б. өтеуіміз керек. Біз мұны қолға аламыз. 20 пайыз мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард болады. Атаулы әлеуметтік көмекті көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиард. Сонда не қалады? Тұрғын үй көмегі қалады. Әрине, тарифтер өсуіне байланысты оны да көбейтіп, өтейміз», — деді Жұманғарин.





