Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында киіз үй өндірісі дамып келеді

Алматы облысында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндік беруде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Соңғы екі жылда өңірде 1300-ден астам тұрғын жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дамытқан. Солардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылының тұрғыны Талғат Қанапияұлы, ол киіз үй өндірісін табысты кәсіпке айналдырған.

Кәсіпкер бұл істі бес жыл бұрын бастағанымен, өндіріс ауқымын кеңейтуге қаржысы жеткіліксіз болған. Осы ретте ол «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалына барып, бағдарлама аясында кеңес алды. Партия өкілдері оған құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, несие алудың барлық тәртібін түсіндірді. Нәтижесінде кәсіпкер 3 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, заманауи жабдықтар сатып алып, өндірісін кеңейтті.

«Бағдарлама туралы естіген сәтте бірден кәсіпті ұлғайту жоспары пайда болды. Бүгінде өнімімізге сұраныс жоғары. Әсіресе фермерлер мен туристік нысандардан тапсырыс көп түседі. Бұл – отбасылық бизнесіміз, жақындарымның барлығы осы іске атсалысып отыр. Киіз үй – ұлттық құндылық. Оны заманауи үлгіде жасап, нарыққа бейімдеу – біздің басты мақсатымыз. Бағдарлама арқылы несие алу өте тиімді, пайыздық мөлшерлемесі төмен. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін кәсіп бастауға үлкен мүмкіндік», – дейді кәсіпкер.

Бүгінде Талғат Қанапияұлының шеберханасы жылына 300-ге жуық киіз үй өндіріп, сатады. Өнім сапасының жоғары болуы мен ұлттық нақыштағы заманауи дизайн кәсіптің қарқынды дамуына ықпал етуде. Кәсіпкердің айтуынша, киіз үйлерге сұраныс негізінен фермерлер, малшылар және туристік кешендертарапынан жоғары.

«Киіз үйді әртүрлі мақсатта пайдалануға болады. Жазда саяжайға қойса, қыста қосымша баспана ретінде қолдануға мүмкіндік бар. Соңғы жылдары экотуризмнің дамуына байланысты демалыс орындарында киіз үйлерге сұраныс артты. Киіз үйдің ерекшелігі – жазда салқын, қыста жылы. Бұл – ата-бабамыздан қалған құнды мұра. Біздің ауылымызда да бұл кәсіппен айналысатын бірнеше кәсіпкер бар. Олардың басым бөлігі «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен кәсібін кеңейтіп, өндіріс қуатын арттырды», – дейді кәсіпкер.

Киіз үй өндірісінде ұлттық нақыш пен заманауи технологиялар үйлестірілген. Отандық нарықтан бөлек, шеберхана өнімдеріне шетелдік туристік базалар тарапынан да сұраныс артуда.

Айта кетейік, биыл Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,7 млрд теңгеге 186 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама арқылы тек киіз үй өндірісі ғана емес, азық-түлік өңдеу, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша да жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz