Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ғасыр жасаған ардагер

Еңбекшіқазақ ауданының басшысы Байедилов Талғат Ескендірұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Ахметов Бекет Төлегенұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Жарықбасов Солтанбай атаның үйіне арнайы барып, 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz,

Қорлан Нұрланқызы
19.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, емен-жарқын әңгіме өрбітіп, құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.

Солтанбай Жарықбасов Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарындаТашкент қаласындағы мергендер курсында білім алып, сол жылы сәуір айында майданға аттанады.

Ол Забайкалье майданында 25-ші Қызыл Тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальон, 1-ші рота, пулемет бөлімшесінің командирі болды. Жапон әскеріне қарсы шайқастарға қатысып, қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсетті.

Өзінің елге деген адалдығы мен майдандағы ерлігі үшін ардагер І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, сондай-ақ 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық және мерекелік медальдарыменмарапатталған.

Солтанбай ата – туған елінің тарихын көзімен көріп, өз еңбегімен оның бейбіт болашағына үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі, ерлік пен адалдықтың жарқын бейнесі.

Осындай асыл азаматтарымыздың өмір жолын ұлықтау – біздің парызымыз!

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz