Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Халықты жұмыспен қамту қашанда маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» екендігі атап өтілді. Осыған орай, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында  еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін  нақты іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы аудан басшысы Талғат Байеділов жыл қорытындысын жариялау жиынында ортаға салды. Сонымен қатар  аудан әкімі жұмыспен қамту саласының қарқынды дамуын кесте арқылы таныстырды, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

КӨРСЕТКІШТЕР, адам20232024%
Экономикалық белсенді халық138 908138 52899,7
Жұмыспен қамтылғандар132 505131 88199,5
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар38 83450 280129,4
Жұмыссыздар6 3496 647104,6
Жұмыссыздық деңгейі %4,84,8100
Жастар саны73 80981 200110
Жұмыссыз жастар4 3064 432102,9
Жұмыспен қамтылған жастар1 4222 035143,1
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі %3,13,1100
Уәкілетті  органға  тіркелгендер10 64711 709110
Жұмысқа орналасқандар4 1764 747113,6
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар15021520101,2
Жастар тәжірибесі16314488,3
Қоғамдық жұмысқа жіберілгендер952968101,6
Әлеуметтік жұмыс орындары 84 
«Күміс жас» жобасы жіберілгендер201232115,4
Алғашқы жұмыс орындарына жіберілгендер1028684,3
Ұрпақ келісімшарты66100,0
Шағын несие, адам/ млн теңге44——
Грант523771,1
Кәсіптік оқуға жіберілгендер90108120,0
Ашылған жұмыс орны, саны9 96111 204112,4
Тұрақты8 2939 448113,9
Уақытша1 6681 756105,2
Орташа жалақы, теңге261 200276 739105,9

2024 жылы 11 204 жаңа жұмыс орындары құрылып (тұрақты – 9448, уақытша — 1756), өткен жылмен салыстырғанда 112,4%-ға артып отыр.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы

Ауданда орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі – 89 % — ды құрайды,

— орталықтандырылған — 71 елді мекен,

— орталықтандырылмаған — 8 елді мекен Сазы, Торғайбаз, Көкпек, Таусүгір, Сарытау, Ащысай, Сарыбұлақ, Қайрат) оның ішінде қанағаттанарлықсыз жағдайда – 43 ауыл немесе 60% құрайды.

2024 жылы 13  елді — мекенде  ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізіліп (Есік қаласы, Қызылжар, Нұра, Шелек, Қазақстан, Ащыбұлақ, Рахат, Бәйдібек би; Түрген, Бөлек, Өрікті, Қарасай, Әймен ауылдары).

Оның ішінде: 3 ауылда 87 км ауыз су құбырларының құрылысы аяқталды (Нұра, Бәйдібек би ауылдарында су құбырлары пайдалануға берілсе, Қазақстан ауылында қабылдау рәсімдері жүргізілуде).

10 елді мекенде ауыз су құбырларының құрылысы 2025 жылға өтпелі (Есік қаласы және Шелек, Рахат, Түрген, Бөлек, Өрікті, Қарасай, Ащыбұлак, Әймен, Қызылжар).

Одан бөлек 2025 жылы Бәйсейіт және Қайназар ауылдарында су құбырларының құрылыс жұмыстары іске асырылатын болады, жұмыстарды бастау үшін – 100 млн. теңге қаражат бөлінді. Жобалардың жалпы құны – 4 млрд. 852 млн. теңге (Бәйсейіт – 2,7 млрд. және Қайназар – 2,1 млрд. теңге).

2025 жылы су құбырларының құрылысына жалпы 7 млрд. 339 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар Есік қаласы және 3 ауылдың су құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізуге 222 млн. теңге бөлінді.

  • Есік қаласы сүзгі станциясы – 58,5 млн. теңге
  • Ташкенсаз ауылы – 42 млн. теңге
  • Ақши ауылы – 76,5 млн. теңге
  • Қаражота ауылы – 45 млн. теңге

12 ауылды сапалы ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленуде (Көктөбе, Тескенсу, Жаңашар, Қойшыбек, Азат, Ащысай, Төле би, Асы саға, Қайрат, Сарыбулак, Тауқаратұрық, Талдыбұлақ).Жобаларды аяқтауға 2025 жылы 185 млн. теңге бөлінді.

Кәріз жүйесі

Шелек, Бәйдібек би ауылдарының кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жалғасуда, Есік қаласы және Түрген ауылдарында кәріз жүйесінің құрылына ЖСҚ әзірленуде.

  1. Бәйдібек би ауылының кәріз жүйесін жаңғыртуға 2024 жылы 2,5 млрд. теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы 12 км. құбыр тартылып, 320 кәріз құдығы орнатылды, 1 млрд. 402 млн. теңге игерілді.
  1. Шелек ауылындағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жалғасуда, 2024 жылы 412 млн. теңге қаражат бөлінді, құрылысты толық аяқтауға 679 млн. теңге қаражат қажет. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 70% аяқталды.
  2. Түрген ауылының кәріз жүйесінің бұрынғы жобасында, тек ауыл іші желілері қарастырылғандықтан тазарту қондырғысының құрылысына ЖҚС әзірленуде. Қаңтар айының аяғына дейін мемлекеттік сараптамаға беріледі.
  3. Есік қаласының кәріз жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, бүгінде мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Электр желілері

Ауданда жалпы электр желілерінің ұзындығы  4 127 км, оның:

— Жақсы жағдайда – 619 км немесе 15%,

— Қанағаттанарлық жағдайда 825 км немесе 20%

— Тозығы жеткен 2 683 км немесе 65%.

Тозығы жеткен электр желілерін қалпына келтіру мақсатында 2024 жылы Сатай, Екпінді, Ақбастау ауылдарына электр желілерінің құрылысына 231 млн. теңге бөлініп жұмыстар басталды, жалпы жоба құны 430 млн. теңге, тартылатын электр желінің ұзындығы – 22,2 км. Жобаларды аяқтауға 2025 жылы 148 млн. теңге бөлінді.

2025 жылы 6 елді мекенге (Тескенсу, Талдыбұлақ, Сарыбұлақ, Қаражота, Көлді, Ақтоған) 404 км электр желілерін қайта жаңғырту және құрылысына 1 млрд. 514 млн. теңге бөлінді.

4 ауылдың (Шелек, Қаратұрық, Тауқаратұрық, Достық) 481 км электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ құны – 54 млн. теңге.

2025 жылы Батан шатқалынан Асы үстіртіне ұзындығы 24 км электр желілерін жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін – 24 млн. теңге бөлінді.

2024 жылы 24 дана трансформаторлар сатып алынып (4 ТП резервте), Есік қаласына және 17 елді мекенге 20 трансформаторды өткізіп беруге қаулы шығып, 9 округте 14 трансформатор орнатылды, жұмыстар жалғасуда.

Оның ішінде:

  • Ақши — 4 дана 250 кВА,
  • Рахат — 2 дана (250 кВа, 400 кВА),
  • Бәйтерек — 2 дана 400кВА,
  • Қорам — 1 дана 400 кВА,
  • Қаратұрық — 1 дана 400 кВА,
  • Түрген — 1 дана 250 кВА,
  • Бартоғай — 1 дана 250 кВА,
  • Қаракемер — 1 дана 250 кВА,
  • Ават — 1 дана 400 кВА

Аудан бойынша 159 ТП жергілікті әкімшіліктердің теңгерімінде. Алматы облысы Энергетика және ТКШ басқармасы ММ мен Алатау Жарық Компаниясы арасында коммуналдық меншік обьектісін сенімгерлік басқару шарты жасалған. Шарттың № 1/02-18 20.06.2024ж.

Көшелерді жарықтандыру

Ауданның 79 елді мекенінде 1 204 көше бар, оның ішінде:

  • жарықтандырылғаны – 374 көше немесе 31%,
  • жарықтандыруды қажет ететіні – 830 көше немесе 69%.

2024 жылы 5 ауылдың 88 км көшелерін жарықтандыруға (Бәйтерек, Жаңашаруа, Қызылшарық, Ащыбұлақ, Ащысай)  347 млн. теңге қаражат бөлініп, Жаңашаруа және Ащыбұлақ ауылдарында жұмыстар толық аяқталды, жобаларды аяқтау үшін 2025 жылға 1 млрд. 51 млн.теңге бөлінді (жалпы жоба құны — 1 млрд. 397 млн.теңге, орнатылатын бағандар саны – 2 486).

Газдандыру

Аудандағы 79 елді мекеннің 65-і газдандыруға жатады (Шелек өңірінде – 28).

Бүгінгі күнге 13 елді мекенде газ тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы тартылған газ құбырларының ұзындығы – 877 км құрайды, қазіргі кезде аудандағы 61 мың ауланың, 15 мың ауласы газға қосылған, 25% — ды құрайды.

11 елді мекеннің жобалары мемлекеттік  сараптамадан шықты (Масақ, Дихан, Нұрлы, Қаратұрық, Талдыбұлақ, Сатай, Қаражота, Қорам, Лавар, Қаракемер, Қарасай).  Тартылатын газ құбырының ұзындығы 261 км, құбырларды тартуға қажетті қаражат  — 11 млрд. теңге, қаражат облыстық басқарма арқылы немесе жеке инвестор арқылы көзделуде.

11 елді-мекенге газ тартуға облыстық ЖКХ басқармасы арқылы ЖСҚ дайындалуда (Ақши, Қайрат, Балтабай, Достық, Бөлек, Аймен, Қойшыбек, Космос, Қызылшарық, Алға, Базаркелді).

Блокты модульды қазандықтар

Аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту мақсатында 23 блокты модульды қазандық жұмыс істеуде, аталған қазандықтар 81 көп қабатты тұрғын үйді, 2 553 пәтер, 10 212 адамды қамтуда.

Оның ішінде, 2024 жылы Есік қаласында №12 БМК-ның құрылысы аяқталып, іске қосылды, жоба құны – 197 млн. теңге (4 үй 204 пәтерді, 1 мың адамды қамтиды).

Сонымен қатар 7 елді мекенде 104 тұрғын үйлерді жылумен қамту мақсатында 24 блокты модульды қазандықтың құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ құны – 629 млн.теңге, 2024 жылы – 427 млн.теңге бөлінсе, 2025 жылға – 202 млн. теңге бөлінді.

Жоғарыда аталған блокты модульды қазандықтар іске қосылған кезде барлығы 3 855пәтер, 185 көп қабатты тұрғын үй жылумен қамтылатын болады.

Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша

Осы бағыттарға 2024 жылы жалпы 597,1 млн.теңге қаражат бөлінді.

— 2024 жылы Есік қаласы және 15 ауылда балалар-воркаут алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді (Шелек, Достық, Қаратұрық, Амангелді, Таутүрген, Қаражота, Ақжал, Қазақстан, Қайыпов, Баяндай, Тескенсу, Ават, Бәйдібек би, Талдыбұлақ, Ащыбұлақ).

Есік қаласында 9 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыру, алаңдарын абаттандыру жұмыстары мен қоса 6 балалар алаңдары орнатылды.

Шелек ауылында көп қабатты 10 тұрғын үйдің қасбеттерін және алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде,  жобаларды іске асыру үшін 2024 жылы 754 млн. теңге бөлінсе, 2025 жылы 631 млн. теңге жоспарланды.

Шелек ауылындағы «Ясеневая роща» саябағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, құжаттары рәсімделуде.

Жоба құны – 652,8 млн теңге

Аумағы — 4,4 га.

Мердігер – «Асыл Тау» ЖШС

Есік қаласын көркейту мақсатында, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 8 жобаны іске асыруға – 21,4 млн. теңге қарастырылып.

7 жоба бойынша жұмыстар аяқталып,  1 жоба (Сағат мұнарасы) бойынша сотқа арыз — шағым берілді.

2025 жылы аталған бағдарлама жалғасын тауып, 15 жоба жоспарланып, 90 млн. теңгеқаражат бөлінді.

Жол құрылысы және қоғамдық көлікті ұйымдастыру бойынша   

Аудандық маңызы бар жолдар 1 330 км құрайды.

— жолдардың жақсы жағдайы — 593 км немесе 45 %,

— қанағаттанарлық жағдайы — 406 км немесе 30%

— қанағаттанарлықсыз жайдайы — 331 км немесе 25 %

2024 жылы жолдарды жөндеуге 3 млрд. 523 млн. теңге қаржы бөлінді. 

126 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жоспарланып, жөндеу жұмыстары толық аяқталды, оның ішінде:

  • 18 ауылға 58 км орташа жөндеу жүргізілді. (Бәйтерек, Ават, Балтабай, Қ, Ұлтарақов, Нұрлы, Баяндай, Шелек, Саймасай, Аманкелді, Түрген, Өрікті Қорам, Нұра, Достық, Сатай, Ақши, Көктөбе, Бәйтерек).
  • 8 елді мекенде 68,2 км жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бөлінген қаражат 560 млн. теңге (Есік қаласы, Шелек, Ташкенсаз, Көктөбе, Ақбастау, Өрікті, Қаражота, Толқын).

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы аудан бойынша 5бағдаршам орнатылды:

— «Есік – Саймасай» жолы – БАК қиылысында – 1 дана,

— «Есік – Саймасай» жолы – «Алтын адам инновациялық мектеп» маңында – 1 дана,

— БАК бойында Бөлек ауылына кіреберісте – 1 дана,

— Түрген ауылында – 1 дана (Ломоносов ОМ маңында),

— Шелек ауылында – 1 дана (Вихрев- Жібек жолы көшелерінің қиылысында).

— Ауданның елді мекендерінде 500 жол белгілері орнатылды.

— 15 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылды (Көктөбе, Рахат, Өрікті, Шелек)

— 8 елді мекенде 5 мың кв. шу жолақтары, жасанды тегіс еместіктер орнатылды (Есік қаласы, Қаратұрық, Қызылжар, Қырбалтабай ауылының бұрылысы, Қаракемер, Бәйтерек, Балтабай, Бәйдібек би, Шелек).

 2025 жылға жол инфракұрылымын жақсарту мақсатында, 163 км жол жөндеуге 3 млрд. 115 млн. теңге қаражат бөлінді.

— Жолдарды орташа жөндеу – 87 км;

— Жолдарды ағымдағы жөндеу – 76 км;

2025 жылға аудан бойынша қысқы мерзімде жолдарды қардан тазалауға Есік қаласы және ауылдық округтерге жалпы 110 млн. теңге қаражат бөлінді.

Жолаушыларды тасымалдау

Ауданның 79 елді мекеннің 62-і және 34 саяжайды немесе 80 пайызы қамтылып отыр,  18 маршрутта 93 автобус жүруде.

Ауданда жолаушылар тасымалымен 3 кәсіпорын айналысады, олар:

«Ақжол Агротранс» ЖШС;

«АО ЖТК» ЖШС;

«Шелек-Тұлпар» ЖШС.

Әлеуметтік маңызы бар ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға 2024 жылы 1 млрд. 104 млн. теңге бөлінді.

2024 жылы аудан тұрғындарының Алматы қаласына қатынауын жеңілдету мақсатында қосымша 4 маршрут іске қосылды.

2025 жылға 18 маршрутты субсидиялауға 1 млрд. 134 млн. теңге бөлінді.

Аудан бойынша 50 жаңа аялдама кешендерін орнатуға 2024 жылы 92,9 млн. теңге бөлінген болса, жұмыстарды толық аяқтау үшін 2025 жылға 107,5 млн. теңге бөлінді.

Білім беру саласы

Ауданда 89 білім беру ошақтары қызмет етуде           85 мемлекеттік, 4 жекеменшік, оның ішінде:

Мемлекеттік мектептің:

  • Тиіптік – 68 мектеп,

(оның ішінде:

  • 3 жаңа мектеп
  • қанағаттанарлық жағдайда – 28,
  • күрделі жөндеуді қажет ететіні – 37)
  • Бейімделген – 17 мектеп,
  • 2 мектеп күрделі жөндау қажет
  • 14 жаңа мектептің құрылысы қажет (2 мектеп ЖСҚ дайын: Азат, Ақтоған)
  • 1 мектеп 2014 жылы жөндеуден өткен Талдыбұлақ ОМ

Білім беру мекемелері 2024-2025 оқу жылын 55 907 оқушымен бастады (оның ішінде 5 311бала 1 сыныпқа қабылданған). Оларға 5 628 мұғалім білім беруде.

2024 – 2025 оқу жылының 2 тоқсан қорытындысымен білім деңгейі 66,2 %-ды құрады (облыс – 66,6%).

Ауданның 25 елді мекеннен 7 250 бала тасымалданып оқытылуда.

Биылғы оқу жылында 27 790 оқушы (49,7%) тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Үйден оқыту шараларымен 411 бала қамтылуда.

2024 жылы аудан мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (73 мектеп), жөндеу жұмыстарына 165 млн.теңге бөлінді.

2024 жылы жеке инвестордың қаражаты есебінен Есік қаласында, Шелек ауылында 900 орындық мектептер (Жобалардың жалпы құны — 16 млрд. тенге) және Рахат округінде 1 500 орындық «Алтын Адам» инновациялық мектеп қолданысқа берілді.

Шелек ауылы Бижанов мектебіне қосымша спорт және акт залының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді (жоба құны – 829 мың теңге).

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында — 4 мектептің құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі:

  • Сатай ауылы — 900 орындық,
  • Ащысай — 600 орындық,
  • Алмалы ауылдарында — 600 орындық,
  • Қаражота ауылында — 300 орынға.

Жобалардың аяқталу мерзімі 2025 жылдың маусым айы

Төле би ауылына 450 орындық орта мектептің құрылысын аяқтауға 2025 жылы қосымша келісім шарт жасалып, қаражат толық бөлінді (жоба құны – 3 млрд. 095 млн. теңге, аяқталу мерзімі – қыркүйек 2025 жыл).

Одан бөлек, 2 жаңа мектеп салуға жобалық құжаттамалары дайын:

  • Ақтоған ауылында 180 орындық жоба құны 2,6 млрд. теңге.
  • Азат ауылында 300 орындық жоба құны 3,4 млрд. теңге.

Шелек ауылы Абай мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні мектеп штаттық режимде жұмыс істеуде. Интернаттың құрылысы тоқтап тұр, сот процестері жүруде.

Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектебінде күрделі жөндеу — 20%аяқталды. Бүгінгі күнге жобаға түзетулер енгізілуде. Түзету жұмыстары 15 наурызға аяқталады. Аяқталу мерзімі 30.08.2025 жыл.  Жалпы құны – 1 305 млн. теңге. Игерілген қаражат – 171,6 млн. теңге.

2024 жылы 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге қаржы бөлініп, жұмыстар басталған.Ащыбұлақ ауылында Бубенцов орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Рысқұлов және Сатпаев мектептері 2025 жылы аяқталады.

Нұрлы ауылының мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ дайын (жоба құны — 952 млн.теңге, 300 орындық мектеп, 284 бала).

Сонымен бірге, 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтуде, мектептерге күрделі жөндеу жүргізу үшін 2025 жылға бастапқы 800 млн. теңге қаражат бөлінді.

  • Уалиханов ОМ – 400 млн. тг
  • Масақ ОМ – 400 млн. тг

Достық ауылында 600 орынды жаңа мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленуде (ЖСҚ құны – 65 млн.теңге).

2025 жылы 4 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге 2024 жылы 35 млн. теңгебөлініп, ЖСҚ дайындалуда

Малыбай ОМ,

Бөлек ауылы Горький ОМ,

Қызылжар ауылы О.Жандосов ОМ,

Бижанов ауылы Мақатаев ОМ.

2025 жылы Есік қаласындағы 3 мектепті газға қосуға 2025 жылы 327 млн. теңге бөлініп,

Абылай хан ОМ – 110 млн.теңге

Райымбек  ОМ — 147 млн.теңге

Сатпаев ОМ —  70 млн.теңге

2025 жылы 4 мектептің қазандығын ауыстыруға 24 млн. теңге қаражат жоспарланды (6 млн. теңгеден)

— Екпінді ОМ

— Сарыбұлақ ОМ

— Б.Момышұлы ОМ

— П.Вихрев ОМ

Одан бөлек, 3 мектепке материалдық – техникалық база сатып алуға – 136 млн. теңге қарастырылуда

— Рысқұлов ОМ – 75 млн.теңге

— Бубенцов ОМ – 53 млн.теңге

— Қ.Сатпаев ОМ – 8 млн.теңге.

 

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz