«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Айта кетейік,Ерұлан Жамаубаев 2024 жылғы мамырдан бері президент кеңесшісі қызметін атқарған еді.





