Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтаудағы трагедия: апат алдындағы ұшқыштардың диалогы жарияланды

Шамамен сағат 05:15-те ұшқыштар жердегі диспетчерлермен шұғыл байланысқа шығады. Әуелде олар "екі рет дүңк еткен қатты соққы сезілді, шамасы ұшаққа құстар соғылған болуы керек..." ойлап қалған. Артынша ең жақын маңдағы әуежайға қонуға рұқсат сұраған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.02.2025
Жаңалықтар
Сол екі ортада ұшақтың басқаруға «бағынбай» жатқанын, гидравликаның істен шыққанын да ескертіп үлгерген.

Экипаж ұшақты Минералды суларға (Ресейдегі қала) қондыруға оқталғанмен, ондағы ауа райы жайсыз болады. Махачқала мен Бакудегі жағдай да осыған ұқсас екені анықталады. Ақыры ауа райы жағынан да, әуеайлақ дайындығы жағынан да қолайлысы Ақтау болған соң, сонда бет бұрады.

Сәлден соң капитан жолаушылар кабинасындағы оттегінің таусылуға таяп қалғанын хабарлап, «бәлкім оттегі баллондарының бірі жарылған болар» деген ұйғарымға келеді. Салондағы адамдарға ауа жетпей, есінен тана бастағанын көргенде экипаждың өзі де қатты абыржыған.

06:02-де ұшқыштар «Mayday» дабылын қосып, дереу қонуға рұқсат сұрайды, әрі ұшақтың басқару тетіктері мүлдем істен шыққанын айтып үлгереді. Бұл "қара жәшікте" сақталған ұшқыштардың соңғы сөзі…

Осыдан кейін, 06:22 шамасында экипаж шассиді шығарып, қонуға дайындалуға кіріседі. 06:27-де ұшақ апатқа ұшырайды. Апаттан үш экипаж мүшесі мен 35 жолаушы опат болды.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанұшақ апаты

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz