Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтаудағы трагедия: тергеу жаңа деректерді анықтады

Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Ақтауда апатқа ұшыраған ұшағы бойынша алдын ала тергеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.02.2025
Жаңалықтар

Тергеу Embraer ERJ 190-100 IGW ұшағының құйрық бөлігі, стабилизатор, сол жақ қозғалтқыш пен қанат, сондай-ақ гидрожүйе бөлігінде тұтастай тесілу сипатындағы (сквозной) зақымдану болғанын көрсетіп отыр.

Тергеушілер ұшақтың кейбір ішкі бөліктерінен металл сынықтары мен басқа да бөгде заттарды тауып, сараптамаға жіберген. Бөгде заттардың ішінде әртүрлі металдан жасалған бөлшектер бар екені анықталды. Әзірге олардың оқ немесе басқа да жарылғыш затқа қатысты болғаны туралы толық ақпарат жоқ.

Алдын ала қорытындыға сәйкес, ұшақтың аса маңызды жүйелері – тангажды басқару мен гидравлика осы ықтимал сыртқы соққы салдарынан істен шыққан.

Соның кесірінен экипаж әуе кемесін қалыпты басқара алмай, оқыс жағдайға тап болған деген болжам жасалды.
Ұшақтан алынған үлгілер қосымша зертханалық талдаудан өткізілуде. Дегенмен, қазіргі негізгі нұсқа – ұшаққа сыртқы әсер жасалғаны.

Тергеу барысы аяқталған соң, мамандар ұшақ апатының түпкі себебін анықтап, ресми шешімін жарияламақшы.

Тегтер: Әзербайжанұшақ апаты

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz