Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
23.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында 2024 жылы экологиялық 129 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде табиғатты пайдалануда 300 заң бұзушылық анықталған. Сәйкесінше, 6 млрд. 107 млн теңге айыппұл салынған.

Сандарды сөйлетер болсақ, өткен жылы экологияны реттеу мәселелері бойынша 500-ден астам шағым түскен екен. Өтініштер өз ретімен қаралды, дейді Алматы облысы Экология Департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов.

Облыстың бас экологы атмосфералық ауаның ластануына әкеп соғатын бірнеше себептерді атап өтті. Спикердің айтуынша, жылу электр орталықтары 16-17 тонна зиянды бөлінді шығарады екен. Сондықтан оны көгілдір отынға ауыстыру қажет, дейді. Жоспар бойынша келер жылы жылу электр орталықтары газға қосылуы тиіс.

«Облыста 282 елдімекеннің 134-не газ тарту қажет. Бұлда экологияға өзіндік әсерін береді. 2030 жылға қарай мәселе шешімін табады деген ойдамын», – дейді Қонысбек Ескендірұлы.

Алматы облысы экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовтың айтуынша, Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді Жол Картасы бекітілген.

Бас құжаттағы басты бағыт, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге ден қою. Облыста тұрмыстық қалдықтардың тек жиырма пайыздан астамы ғана қайта өңделеді, Мұның алдын алмаса, экологияға келетін кері әсері арта түспек. Айта кетейік, облыс көлемінде 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Бүгінгі күні бұлардың санын азайту жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz