2024 жылы облыс прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында келесідей жетістіктерге жетті:
- 223 қылмыстық іс тіркелді;
- 7 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде:
- 216 кг синтетикалық есірткі;
- 10 кг кокаин;
- 0,77 кг героин;
- 19 есірткі зертханасы жойылды;
- 77 адам сотталды, оның ішінде ірі есірткі желісінің ұйымдастырушылары мен сатушылары бар.
Талғар ауданында синтетикалық «Альфа-PVP» есірткісін өндіретін зертхана жойылып, 350 литр дайын өнім мен 765 литр прекурсорлар тәркіленді. Ал Еңбекшіқазақ ауданында Ресейден келген екі күдікті ұсталып, олардың өндірісінен 8 кг есірткі және 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Сот үкімімен олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында:
- 5000-нан астам еріктілердің қатысуымен рейдтер ұйымдастырылды;
- 1071 есірткі жарнамасы жойылды;
- 11 логистикалық компаниямен ынтымақтастық меморандумдары жасалды;
- Telegram-бот іске қосылып, есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламалар қабылданды.
Сонымен қатар, есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың тағдыры туралы «Қабырға артындағы балалық шақ» атты деректі фильм түсіріліп, ол қоғамның үлкен қолдауына ие болды.
Облыс прокуратурасы есірткіге қарсы күресті жалғастыруда.