Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист үш күннен соң табылды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы облысының тауларында үш күндік іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған турист тікұшақтың көмегімен табылды.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

1982 жылғы азамат 12 қаңтарда көп күндік жорыққа аттанып, 15 қаңтарда байланысқа шықпаған соң, туыстары мазасызданып, құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздеуге кірісті. Жұмысқа кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жерүсті топтары қатысты. Алғашқы екі күнде 21 орын зерттелді, оның ішінде ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар тексерілді.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

— Бүгін Қазавиақұтқару әуе бортын пайдаланып, ер адам 2970 метр биіктікте «Сол Талғар» шатқалындағы күркеден табылды. Олмедициналық көмекке мұқтаж болмады және Алматы қаласына жеткізілді, — делінген хабарламада.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
23.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
23.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
23.09.2026

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz