Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласындағы жаңа жылдық безендіруге аудит жүргізіледі

Қонаев қаласындағы жаңа жылдық безендіру жұмыстарына жұмсалған қаражат пен олардың техникалық талаптарға сәйкестігіне қатысты мәселе туындады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әлеуметтік желілерде бұл қызметке 148 млн 528 мың теңге жұмсалғаны және безендіру нысандарының кейбірі техникалық құжаттамаға сәйкес емес екені жайлы ақпарат тарады.

Қонаев қаласының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, мердігер компанияның тәуелсіз аудитке жүгінгенін хабарлады. Аудит нәтижесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, әкімдік мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК мердігер ретінде таңдалған. Компания орталық алаңға шырша орнатып, Дінмұхамед Қонаев ескерткіші жанында «2025» жазуын, түрлі мерекелік ойыншықтарды орналастырған. Сондай-ақ, №5 жағажай, парк, көпірлер, қалаға кіреберістегі стела және аллеялар жарықтандырылған.

Бұл жұмыстар тек жаңа жылдық мерекені емес, жыл соңына дейін қаланың әсемдік келбетін сақтауға бағытталған.

№5 жағажай туристік тартымдылықты арттыру мақсатында арнайы безендірілген. Шағын сәулеттік нысандар мердігер мекеменің балансында қалып, алдағы жылдары да қолданылатын болады.

Жыл соңында қаланы безендіруге арналған мемлекеттік тапсырыс тек қосымша әрлеу жұмыстарын қамтығанын атап өткен әкімдік, нәтижелер тәуелсіз аудит қорытындысына қарай бағаланатынын айтты. Бұл мәселе бойынша нақты шаралар қабылдау көзделуде.

Тұрғындар тарапынан сұрақтар туындағанымен, әкімдік бұл жағдайға жауапкершілікпен қарап, мәселенің әділ шешімін табуға уәде берді. Аудит нәтижелері қоғамға ашық түрде жарияланбақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаршырша

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz