Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қожабеков Димаш Әбдуарұлы Алматы облысының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы лауазымына Ғалым Қасымұлы Тоқпейісов тағайындалды. Ғалым Қасымұлы – тәжірибелі басшы, оның көпжылдық кәсіби жолы түрлі жауапты қызметтерде еңбек етумен ерекшеленеді.

Өмірбаяны мен еңбек жолы
Ғалым Қасымұлы Тоқпейісов 1967 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған. Кейін әр жылдары «Ақдала» АҚ-ның жоспарлау және есеп бөлімінің бастығы, бас экономисті, ауыл әкімі, балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, ол Алматы облысы әкімдігінің аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық және қаржы-шаруашылық бөлімдерін басқарды, Көксу ауданының әкімі, жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі және облыс әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті.

Су ресурстары және ирригация саласындағы реформалар
Соңғы жылдары еліміздің су шаруашылығы саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Жаңа Су кодексінің жобасы әзірленіп, 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Сондай-ақ, 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары мен 2026 жылға дейін су үнемдеу жөніндегі Жол картасы жасалды.

Жаңадан құрылған басқарманың басты міндеті – су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, жаңа технологияларды енгізу және индустриялық-инновациялық даму деңгейін қамтамасыз ету.

Жаңа лауазымға тағайындалған Ғалым Қасымұлына табысты жұмыс пен жоғары нәтижелер тілейміз!

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz