Аймақта білім беру сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Үш ауысымды мектептерді азайту және жаңа мектептер құрылысы
Оқушылар санының көбеюіне байланысты үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін “Жайлы мектеп” жобасы аясында 53 жаңа мектептің құрылысы жоспарлануда. Биылдың өзінде 7 жаңа мектеп ашылып, мыңдаған бала заманауи білім беру жағдайларында оқу мүмкіндігіне ие болды.
“50 табысты мектеп” жобасы
Өңірде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында “50 табысты мектеп” жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында 3817 мұғалім мен 58 мыңнан астам оқушы арнайы курстардан өтті.
Қауіпсіздік пен әлеуметтік қолдау шаралары
Балалардың қауіпсіздігі үшін 371 мектеп жедел басқару орталықтарына қосылды. Сонымен қатар, 186 773 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, ал асханасы жоқ шағын мектептерде 6648 оқушы буфеттік тамақпен қамтылды.
Инфрақұрылымды жаңғырту
2023-2024 жылдары 24 білім беру нысанында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар және өнер мектептері бар.
Диана Тетенқызының айтуынша, аймақтағы білім саласындағы бұл өзгерістер балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада дамуына бағытталған.