Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2025 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі

2025 жылы елімізде қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында жалпыға бірдей декларациялау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отар мәлімдеді.Жаңа жүйе аясында шетелде орналасқан жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, банктік шоттардағы қаражаттар, бағалы қағаздар, брокерлік шоттар, антиквариат және интеллектуалдық меншік сияқты активтер есепке алынатын болады. Сонымен қатар, қолма-қол қаражат көлемі 10 000 АЕК-тен асатын азаматтар оны 2024 жылдың соңына дейін банктік шоттарға аударуы тиіс.
Сондай-ақ, Қазақстанда және шетелде 20 000 АЕК-тен (2024 жылы 73 840 000 теңге) асатын ірі сатып алулар жасаған тұлғаларға да декларация тапсыру міндеттеледі. Бұл талап қаржылық тәртіпті нығайтып, салық төлеудегі жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
«Жалпыға бірдей декларациялау – бұл ел азаматтарының қаржылық жауапкершілігін арттыруға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», – деді Отар Олжас.
Декларацияны оңай әрі жылдам тапсыру үшін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) сияқты онлайн платформалар қолжетімді.
Жаңа жүйе арқылы азаматтардың қаржылық мәдениетін арттырып, ел экономикасының ашықтығына оң әсер етеді деп күтілуде. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды декларациялау жүйесіне алдын ала дайындалып, заң талаптарын уақытылы орындауға шақырады

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz