Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында қатты дауыл кезінде Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Ол дауыл кезінде сарбаздарға шатырлы қалашықтан шығуға көмектесіп жүріп, шатырдың металл қаңқасына басын жаралап алған.

«9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл басталып, жел соғып, тігілген шатырлар қирай бастады. Қатардағы жауынгер Н. Шахимов өз әріптестеріне қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүрген. Сол кезде шатырдың металл жақтауына басын соғып, жарақат алды. Бірден медициналық көмек көрсетіліп, жауынгер Қонаев қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Әскери қызметші ауруханада қайтыс болды. Өзінің жанқиярлық іс-әрекеттерімен қатардағы жауынгер Н. Шахимов жолдастарын құтқарып қалды. Алайда өзі басынан ауыр жарақат алды», – делінген Ұлттық ұланның хабарламасында.

Шахимов 2003 жылы туған. Әскерге 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысы Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған. Аталған факті бойынша себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр, қызметтік тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, Алматыда жедел мақсаттағы бірінші батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында далалық жаттығуда болған.

Тегтер: дауылоқиғаҰлттық ұлан

Соңғы жаңалықтар

Астанада LRT-ны екі аптада 1 миллион адам пайдаланған

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2026

1 маусым Алматы облысында ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2026

Президент қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2026

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz