Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«AUYL SPORT-2024». Алматы облысының спортшылары республикалық турнирге қатысып жатыр

Бүгін, 21 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде ауыл балаларының қатысуымен «AUYL SPORT-2024» республикалық лигасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Жобаның бас демеушісі әрі ұйымдастырушысы – Halyk қайырымдылық қоры. Серіктестер қатарында «AUYL SPORT» жобасы 2023 жылдың қазан айында Halyk қорының бастамасымен қолға алынып, ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттыруды, спортты насихаттауды және ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамытуды мақсат етеді. Сонымен қатар, жоба ауылдық жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Республикалық лигада бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахматтан сайыстар өткізіледі. Бұл жарыстарға еліміздің 17 облысында өткен өңірлік лиганың жеңімпаздары қатысуда. Турнир құрылымы:

  • Еркін күрес пен бокс – 2010-2012 жылы туған балалар арасында 6 салмақ дәрежесі;
  • Баскетбол және волейбол – 2009-2011 жылы туған қыздар мен ұлдар командалары арасында;
  • Шахмат – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында.

Өңірлік лигаларда 200-ден астам ауылдың 7000-ға жуық баласы мен жасөспірімі бақ сынады.

Ашылу салтанатында қатысушылар мен қонақтарды «Халық банк» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова құттықтап, жобаның ауыл жастарын қолдаудағы маңыздылығын атап өтті.

Шараға Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Нұрбақыт Теңізбаев құрметті қонақ ретінде қатысты. Олар жас спортшылармен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мерекелік атмосфераны көтеру мақсатында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық билер орындалды. Сонымен қатар, Қажымұқан Мұңайтпасұлының өміріне арналған қойылым жас спортшыларға рух беріп, ерекше сезім сыйлады.

«AUYL SPORT» жобасы – Halyk қорының балалар мен жасөспірімдерді қолдауға және ауылдық спортты дамытуға бағытталған маңызды бастамаларының бірі. Қор бұған дейін осы салаға 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөліп, 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Тегтер: Алматы облысыАлматы облысының спортшылары

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz