Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мерекеге орай Астана мен Алматыда отшашу болады ма?

Қорлан Нұрланқызы
10.12.2024
Жаңалықтар

Алматы мен Астана әкімдігі қалаларда тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 16 желтоқсанда Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты шараға ардагерлер кеңесінің, әкімдіктің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және “Желтоқсан оқиғасына” қатысқандар келеді. 

“Келесі күні желтоқсан оқиғаларының 38 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты шараға әкімдік, жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Салтанатты рәсімнен кейін жиналғандар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алады. Ал діни қызметкерлер еске алу дұғасын оқиды”, – делінген хабарламада.

Астана әкімдігі де биыл Тәуелсіздік күніне арналған отшашуды ұйымдастырылмайтыны туралы мәлімдеді. Мұнда да мерекелік іс-шаралар болады.

«Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар ұйымдастырылады. Отшашу болмайды», — деп атап өтті әкімдік.

Әкімдік әдетте бұл мерекеде отшашу дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына алынғанын жеткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2021 жылы отшашулар бір уақытта үш алаңда іске қосылған.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz