Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматылық дәрігерлер 6 келілік жатыр миомасын алып тастады

Қорлан Нұрланқызы
05.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 48 жастағы әйел жамбас аймағындағы ісіну, аяқтағы қоңыр дақтардың пайда болуы және дене температурасының жоғарылауы сияқты шағымдармен жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында илеофеморальды веноздық тромбозды анықтады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде іш қуысын толығымен жауып, ішкі ағзаларды қысып тұрған жатыр миомасы анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Науқас бірнеше жылдар бойы гинекологқа қаралмаған және ішінің көлемінің ұлғаюына назар аудармаған. Тек денсаулығы айтарлықтай нашарлаған соң ғана медициналық көмекке жүгінген.

Операцияны тәжірибелі гинекологтар Риза Керемқұлова, Ажар Амангелді және Дархан Молдабек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде сәтті жүргізді.

«Операция барысында біз салмағы 6 килограмм болатын жатыр миомасын алып тастадық. Сондай-ақ, ішкі ағзаларды босатып, ілеспе жабысқақ түзілімдерді жойдық», – деді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Риза Керемқұлова.

Қазіргі уақытта науқас ауруханадан шығарылып, өзін жақсы сезінеді және қалыпты өміріне оралды.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері әйелдерге жылына 1-2 рет гинекологқа қаралып тұрудың маңыздылығын еске салады. Уақытылы тексеру ауруларды ерте анықтап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz