Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қыста қалай дұрыс тамақтану керек?

Қорлан Нұрланқызы
04.12.2024
Жаңалықтар

Жыл мезгілдерінің ауысуы адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді. Диетолог мамандар қыста дұрыс тамақтанудың маңызды екенін айтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Суық ауа райында ағза көп калория жұмсап, жылынуға тырысады, бұл тәбеттің артуына әкеледі. Диетологтардың айтуынша, ағзаның қажеттілігін ескермей, тамақтануды шектеу денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ артық салмақ қоспау үшін тамақтану рационына мән беру керек.

Қысқы рационға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Калорияны бақылау:
    Калориясы жоғары азық-түлікті шектеп, белсенді өмір салтын ұстану маңызды. Бұл артық салмақ жинамауға көмектеседі.
  2. Қант пен ұн өнімдерін азайту:
    Тәттілер, тоқаштар мен кәмпиттерді рационнан барынша қысқарту ұсынылады.
  3. Жеміс пен көкөністі пайдалану:
    Иммунитетті сақтау үшін күнделікті кем дегенде 400 грамм жеміс, көкөніс және кептірілген жеміс тұтыну қажет.
  4. Ақуызға бай тағамдар:
    Ет, ашымал сүт өнімдері, бұршақ тұқымдастар рационыңыздың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
  5. Майларды мөлшермен пайдалану:
    Күніне 20 грамм сары май немесе өсімдік майы жеткілікті.
  6. А және Е дәрумендері:
    Теріні қорғау үшін сәбіз, тазартылмаған майлар және астық тұқымдас өнімдерді тұтыну ұсынылады.

Суық күнге арналған тамақтану үлгісі:

  • Таңғы ас: Сүтке піскен ботқа, кептірілген немесе жаңа піскен жемістер.
  • 2-таңғы ас: Жеміс, компот немесе итмұрын қайнатпасы.
  • Түскі ас: Буға піскен котлет, қарақұмық ботқасы және жеңіл салат.
  • Бесіндік ас: Ашымал сүт өнімдері немесе жұмыртқаның ақуызы.
  • Кешкі ас: Пеште піскен тауық еті мен брокколи, орамжапырақ қосылған көкөністер.

Мамандардың айтуынша, дұрыс таңдалған тамақтану үлгісі ағзаның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қыс мезгілінде артық салмақ жинаудың алдын алады.

Тегтер: денсаулыққыс

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz