Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды

Қорлан Нұрланқызы
02.12.2024
Жаңалықтар

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Динара Закиева мәлімдемесінде 2024 жылдың басынан бері балалардың өмірін қиған 15 өрт оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қайғылы жағдайлардың басым бөлігі балалар үйде қараусыз қалған кезде орын алған.

«Осы оқиғаларды талдай келе, 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заңнамалық тұрғыдан тыйым салу қажеттігін ұсынғым келеді. Сонымен қатар, қолдауға мұқтаж отбасыларды мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек бағдарламаларымен қамтамасыз ету маңызды», – деді омбудсмен.

Балалар омбудсмені Ақмола облысында жақында болған қайғылы оқиғаға да түсініктеме берді. Ол бұл жағдайдың барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын еске салды.

Осы ұсыныс қоғамда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

Тегтер: балаларҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz