Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам іс қарады

Қорлан Нұрланқызы
29.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басынан бері 3800-ден астам іс түсті. Істердің басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Түскен істердің 3570-і қаралып, 2370 іс бойынша жалпы сомасы 322 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл соманың жартысынан астамы мемлекет қазынасына төленген. Жол-көлік оқиғаларына байланысты 1619 іс тіркеліп, нәтижесінде 1561 адамға айыппұл салынған, ал 18 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша 540 іс қаралып, 206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық пен вандализмге қатысты істерде де әкімшілік жазалар қатаңдатылғаны атап өтілді.

“Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің басты міндетіміз. Қолданылып жатқан шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған”, – деді Әлинасыр Қадыров.

Брифингте сот төрағасы құқықтық саладағы жаңалықтар мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы да түсіндірді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz